Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» ШЖҚ МКК

Ресми интернет-ресурсы

130000, Қазақстан Республикасы, 
Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
3 ш/а  26 үй

Телефон: +7 (7292) 500-422

Сенім телефоны +7 (7292) 500-422

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Миссия мен мақсаттары

10.03.2016

Ақтау қ. «ОТВД» ШЖҚ МКК ұжымы біздің әрекетімізде адамдарға медициналық көмек көрсету мен олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған игілікті міндетімізді көреді.


Біздің Миссия әрдайым жоғары сапалы медициналық қызметтің кең спектрін ұсына отырып, бізге медициналық көмек сұрап өтініш білдірген емделушілердің денсаулығын жақсартуға жағдай жасау. Біз әлеуметтік, медициналық және экономикалық тиімділікке қол жеткізудегі мақсаттар мен қызығушылықтардың теңгерімін сақтау үшін тартылдық. Біз адамдардың денсаулығына қамқор болу, мамандандырылған медициналық көмекті дамыту, медициналық көмектің жаңа жоғары технологиялық түрлерін меңгеру мен тәжірибеге енгізу, қызметкерлердің кәсіби шеберлігінде кемелденуіне қол жеткізу, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстану, оларды денсаулыққа, оны сақтау мен нығайту мақсатында дүниетанымын өзгертуге үйрету үшін тартылдық.


Біздің келбетіміз

Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері – бұл емделушілерге білікті мамандандырылған медициналық көмек ұсынуға, зерттеу нәтижелерінің нақтылығы және сенімділігіне кепілдік беретін бірқалыпты дамушы медициналық мекеме. Біз жаңа медициналық және басқарушылық технологияларды енгізуді әзірлеуде көшбасшы болуға ұмтыламыз. Біздің диспансердің табысты болуы кәсіпқойлардың командалық жұмысы, әлемдік медицина ғылымы мен тәжірибесінің алдыңғы қатарлы жетістіктерімен үндестіре отырып отандық медицинаның үздік дәстүрлерін сақтау, заманауи технологиялық ресурстар, корпоративтік мәдениет пен этика. Осының барлығы ұсынылатын медициналық қызмет сапасының жоғары деңгейін қолдап отыруға мүмкіндік береді.

Ұйым қызметінің мақсаттары


1. Емделушіге қызмет ету:
- диагностикалаудың заманауи технологиясын пайдалана отырып, тұрғындарға мамандандырылған сапалы медициналық көмек көрсету;
- уақытылы ерте диагностикалау;
- тері ауруымен және ЖЖТЖА-мен ауырған науқастарды тиімді жолдармен емдеу;
- емделушілерді және олардың отбасын емдеу үдерісінде әріптестер ретінде қабылдау;
- емделушілерді ауруының сипаттамасы, диагностикасы және емделуі жөніндегі ақпаратқа қол жетімділігімен қамтамасыз ету;
- бізге көмек көрсетуге өтініш білдірген әркімнің алдындағы жауапкершілікті ұғыну;
- медициналық көмек ұсынылуының нәтижелілігі, әр емделуші үшін алдын алудың, диагностикалаудың, емделудің және сауықтырылуының анағұрлым жақсы нәтижесіне бағдарланған оңтайлы шешімдерді үздіксіз іздестіру;
- кез келген процедураны орындау барысында емделуші мен персоналдың қауіпсіздігі: қан алудан бастап күрделі ем түрлеріне дейін;
- емделушінің клиникада жатуының барлық кезеңдерінде диагностикалау, емдеу мен сауықтыру технологиялардың, сызбалар мен стандарттардың тиімділігі.
2. Сапаға бейілділік:
- көрсетілетін қызметтің мінсіз сапасына үздіксіз ұмтылу;
- сапаны қамтамасыз ететін барлық процедураларды тұрақты жетілдіру: кәсіби шеберлік, қызмет көрсету сапасы, технология шеберлігі, менеджмент сапасы;
- қызмет пен сапа стандарты, емделушілердің қанағаттануына қатысты өлшемдер, мониторинг және есептілік.
3. Командалық жұмыс:
- ынтымақтастық, әрқайсысының белсенді қатысуы рухындағы бірлескен жұмыс, сонымен қатар жеке бастамаларды ынталандыру;
- науқастарды емдеудегі сабақтастық ұстанымын жүзеге асыру;
- әр қызметкердің кәсіби дамуына тұрақты түрде қызығушылық таныту;
- диспансер ұжымында әріптестермен және басқа қоғамдық мекемелермен тығыз жұмысшы қарым-қатынасты қалыптастыру мен қолдау.
4.Әлеуметтік жауапкершілік:
- адамзаттың амандығы үшін жұмыс істеу – тұрғындардың денсаулығын сақтау мен жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру;
- қоғам қажеттілігінің өзгеруіне қарай өзгеруге ұмтылу.
5.Қаржы және бақылау:
- осы миссияны тікелей қолдайтын диспансер жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, мақсаттарға жетуге септігін тигізетін жобаларды таңдау және қаржыландыруға жүйелі тәсілдемені жүзеге асыру;
- баю үшін емес, бірақ диспансердің қазіргі қажеттіліктері мен талаптарын есептеп, жеткілікті қаржылық қайтарымды қамтамасыз ете отырып жұмыс істеу;
- материалдық ресурстарды есептемей, басқаларын тиімді пайдалану есебінен жоғары өнімділікке қол жеткізу;
- ресурстарды пайдалану бойынша ұйымдастырудың барлық деңгейіндегі есептілік.
Миссия мен мақсаттарға қол жеткізу үшін біз өзімізге төмендегідей стратегиялық міндеттерді анықтаймыз:
1. Қолда бар ресурстардың барлығын іске қоса отырып медициналық көмек көрсетудің сапасын әрдайым арттыру;
2. Ұсынылатын медициналық қызметтер сапасына жаппай мониторинг;
3. Ұсынылатын қызметтер көлемін ұлғайту;
4. Жаңа медициналық технологияларды енгізу және пайдалану арқылы барлық жұмыс үдерістерін максималды автоматтандыру және үздіксіз жақсарту;
5. Қазақстан, сондай-ақ шетелдік клиникалармен телемедициналық консультациялар жүргізу есебінен медициналық көмек көрсетуді жақсарту.
6. Өзінің материалдық-техникалық базасы мен кадрлар ресурстарын тұрақты түрде  дамыту және нығайту.

 «Облтерівендиспансері» ШЖҚ МКК құндылықтары


Азаматтардың денсаулығын нығайту, адамдардың денсаулығын қорғауға өзін толықтай арнай отырып, ұлы емдеу ісіне шынайы және жан-тәнімен қызмет ету.


1. Дәрігерлік құпияны сақтау (құпиялылық)
2. Өз міндеттерін адал және сапалы орындау.
3. Емделушілерге деген жоғары кәсіби, адамгершілікті қарым-қатынас.
4. Медицина қызметкерінің ар-ождан Кодексі нормаларының бұзылу фактілеріне жол бермеу.
5. Ешқашан риясыз көмек көрсетуден бас тартпау.
6. Қазақстандық медицинаның мәртебелі дәстүрлері мен жетістіктерін сақтау және көбейту.
Біздің девизіміз: Қиын жағдайда әрқашан жаныңыздан табылу және жағдайыңыздың өте жақсы болуын қамтамасыз ету!


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте